"Бек Эйр" ұшағының апатынан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленбеген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бек Эйр" ұшағының апатынан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленбеген

"Бек Эйр" ұшағының апатынан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленбеген

«Бек Эйр» ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырағанына тура бір жыл.

  • 29 Желтоқсан 2020
  • 40
Фото - Caravan.kz

Оқиға былтыр 27 желтоқсанда болып еді. Алайда, содан бері әуе компаниясынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарынан ешкім кешірім сұрап келмепті, өтемақы да төлемеген. Жауапқа да ешкім тартылған жоқ.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

— Мы не знаем, где находится Фоккер-100. Объявлена тревога!

Бір жыл бұрын, 2019 жылдың 27 желтоқсанында салонында 98 жолаушысы бар «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға жол тартқан болатын. Көкке көтеріліп үлгермеген ұшақ қайта жерге соғылып, артынша апатқа ұшырады. Лайнер алдымен қоршауға, одан кейін екі қабатты ғимаратқа бароып ұрылған. Салдарынан 12 адам оқиға орнында көз жұмып, 49 жолаушыны жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.

Сәтін салып, апаттан аман қалғандардың бірі-  Нұрдос Орынбаев. Ол сол кезде Нұр-Сұлтандағы балаларына бармақ болыпты. Әуежайда неге екені белгісіз бойын қорқыныш билегенін айтады. Сонда да тәуекел етіп, ескі ұшақа отырған.

НҰРДОС ОРЫНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Разгон бергенде бір көтеріліп, бір түсті самалет. Уже мен ойладым точна көтеріле алмаймыз деп, может тоқтататын шығар деп. И еще добивать етті дальше. Көтеріліп барды, арты тие бастады. Сосын оң жаҚқа қисайып, солға қарай қисайғанда мен қанаттың үстінде болдым. Мен жақтағы двигатель жерге тиді, сосын жарылады. СамОлеттің полностью сознаниесі өшеді де барамыз да ұрыламыз".

Апат кезінде жақынынан айрылғандардың бірі —  Ерік Бақытов. Анасы Жаңа жылды бас қаладағы немерелерімен қарсы алуды ұйғарыпты. 40 жыл ұстаз болып еңбек еткен Базархан Кәрібаева сол ұшақ апатында көз жұмған.

ЕРІК БАҚЫТОВ, МАРҚҰМ БАЗАРХАН КӘРІБАЕВАНЫҢ ҰЛЫ:
"Анам әдетте ерте тұратын. Сол күні ұйықтап қалыпты. Мен бөлмесіне барып ояттым.  Әлі күнге дейін  осы әрекетім маған маза бермей келеді. Егер мен де ұйықтап қалғанымда анам ұшаққа отырмайтын еді".

Апаттан кейін бір жыл өтсе де әуе компаниясынан өтмақы төлемек түгілі ешкім де келіп кешірім сұрамаған. Марқұмдардың туыстарын мазалайтын мәселе де осы. Жерлеу, тағы басқа шығындарға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілген. Ал апаттан аман қалған Гүлнар Көшенова өткенді еске алуды ұнатпайды. Барлығы қас-қағым сәтте болғандықтан, көзін жұмып, Құдайдан амандық тілепті. Апаттан бас-ми жарақатын алған ол,  достарының арқасында оңалғанын айтады.

ГҮЛНАР КӨШЕНОВА, ӘУЕ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІ:
"Әуе компаниясы жауапқа тартылмады. Бізде апаттан адам қаза тапса оған ешкім жауапқа тартылмайды. Бір жыл болды әлі тергеуде болған жоқ, біз күтіп отырмыз, Бізге билеттің ақшасын да қайтарған жоқ. Бұл жақсы ма?".

Әуе апатына ұшыраған жолаушылардан бөлек, тағы 1700 адам билеттерінің ақшасын қайтара алмай жүр. Апаттан кейін әуе компаниясына тиесілі барлық рейстер тоқтатылған болатын. Компания азаматтарға 103 миллион қарыз, қызметкерлері де жұмыссыз отыр.

НҰРДОС ОРЫНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Бізге билетті возврат та қайтарған жоқ, ешкім звондаған жоқ. Но компенсация ештеңе берген жоқ. Біз сот орындаушыға хабарласам олар әлі сот болып жатыр, сот болып жатыр депғ солай айтады".

Экипаж командирі апат кезінде көз жұмса, екінші пилоттың беті бері қараған болатын. Алайда көп ұзамай ол да бақилық болды. Ол әуе апатынан көз жұмған 13-ші адам. Өлер алдында болған оқиғаны баяндап кеткен болатын. Бір жыл өтсе де апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Қара жәшіктің жазбалары жарияланбады. Тек қана адам факторы мен сыртқы жағдайлар әсер етуі мүмкін деген жорамал ғана бар. Әуе компаниясы басшысы тілшілерді көрсе аттонын ала қашады.

Егер ұшақ үйге соғылмаса жолаушылар аман қала еді. Қауіпсіздік талаптары бойынша бұл жерге ғимарат салуға болмайды екен. Алайда коттедждер қалашығы бой көтерген. Ал бұл талаптарды бұзып, заңсыз жер бергендердің соты екі аптадан бері кейінге шегерілумен келеді. Келесі сот қаңтар айында өтетін болды.


Соңғы жаңалықтар