"Бек Эйрдің" эксплуатант сертификаты белгісіз мерзімге тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бек Эйрдің" эксплуатант сертификаты белгісіз мерзімге тоқтатылды

"Бек Эйрдің" эксплуатант сертификаты белгісіз мерзімге тоқтатылды

Аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі.

  • 9 Қаңтар 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

— "Бек Эйр" әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі, — делінеді министрлік таратқан хабарламада.