Бекшин Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін екенін тағы да ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекшин Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін екенін тағы да ескертті

Бекшин Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін екенін тағы да ескертті

Алматыда карантин ережелерінің күшейтілуі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

  • 10 Маусым 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бекшиннің айтуынша, елде ТЖ режимі алып тасталған соң және блокбекеттер алынған соң Алматыда кәсіпорындар мен ұйымдар өз жұмысын қайта бастады.

"Көптеген нысанда карантин ережесі бұзылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл оларға жасалған ескертулерге қарамастан болып отыр. Сондықтан науқастардың саны көбейетін болса, карантин шаралары күшейтіледі", — деді Бекшин.


Айта кетейік, бүгінде Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 2939-ға жетті, олардың 1929-ы аурудан айықса, 10 адам қайтыс болды.