Беларусь елін неміс басқыншыларынан азат еткен ақтөбелік ардагерлер марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусь елін неміс басқыншыларынан азат еткен ақтөбелік ардагерлер марапатталды

Беларусь елін неміс басқыншыларынан азат еткен ақтөбелік ардагерлер марапатталды

Бүгін өлкетану мұражайында Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусь елін жаудан азат етуге қатысқан ақтөбелік ардагерлерді медальдармен марапаттау рәсімі өтті. 

  • 27 Тамыз 2014
  • 476
Фото - Caravan.kz


«Биыл Беларусь елінің неміс фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл толмақ. Беларусь елінің елшілігі ақтөбелік ардагерлерге табыс ету үшін 14 мерейтойлық медаль берді. Сондай-ақ оларға Беларусь Республикасының президентінің құттықтау хаттары табысталды», дейді мұражай қызметкері Айдана Қызылбаева.

«Беларусь елінің неміс фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» мерейтойлық медальдары 10 ардагерге табысталды, қалғандары денсаулық жағдайына байланысты салтанатты рәсімге келе алмады. Оларға марапаттары үйлеріне апарып беріледі.

Шараны қалалық ардагерлер кеңесі облыстық өлкетану мұражайымен бірге ұйымдастырды.