2010 жылы Қырғыз жерінде болған жаппай толқулардың арты қақтығысқа ұласқан болатын. Сол жылы 7 ақпанда билік көтерілісшілерді күшпен жаншып тастауға бұйрық берген. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 300 адам зардап шеккен еді. Бірақ Құрманбек Бәкиев пен оның інісі барлық айыпты жоққа шығарып келген. Сот өмір бойына бас бостандықтарынан айырған екеуі қазір Беларусьте қаннен қаперсіз өмір сүруде. Бұл іс бойынша жалпы 28 адам айыпты деп танылған. Құрманбек пен Жәнібек Бәкиевтерден өзгелері бүгін сот залынан абақтыға жөнелтілді. 4 жылға созылған істің қорытындысы бойынша, айыптылар жазасын өтегенннен кейін де 3 жыл мемлекеттік қызметке орала алмайды.