Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай дүние салды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай дүние салды

Белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығай дүние салды

Қазақ мәдениеті қайғы жамылды. Бүгін танымал театр сыншысы, ұлағатты ұстаз Әшірбек Сығай дүние салды. Алып тұлға алдағы қаңтарда 68-ге толар еді. Бірақ ұзақ жылдан сыр беріп жүрген жүрегі, түнде кенет тоқтаған. Жұртшылық Әшірбек Төребайұлын ертең қазақ өнерінің қара шаңырағы - Мұхтар Әуезов атындағы драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады.

  • 29 Қараша 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz

-Менің негізгі жоғарғы білімім актерлік. Актриса Бөкееваның сыныбында оқыдым.

Бұл — Әшірбек Сығайдың тілшілерге берген соңғы сұхбаттарының бірі. Өмірі мен өнері, жазушылығы мен сыншылық қырларын кеңінен әңгіме еткен. Өзі айтып отырғандай, Әшірбек аға негізі актер болуы тиіс еді. Бірақ сыни көңілі оны сахнаға лайықты деп таппаған екен.

Әшірбек Сығай:

-Мен өзім санаға, ойға, ақылға салдым. Бірақ актер болғаннан кейін кәдімгі Жантөрин сияқты гүжілдеген, Ноғайбаев, Молдабеков, мынау Әшімов сияқты фактуралармен болу керек. Ал енді мен сияқты нашарлау, орта бойлы әртістер толып жүр сахнада.

Десе де, дәл осы шешімі оны өнерге етене жақындата түспесе, алыстатқан жоқ. Сөйтіп, «Іңкәр шақ», «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Сахна саңлақтары», «Театр тағылымы» сынды қазақ театры жайлы еңбектерді жазды. Әрине, оның сыншылық көзқарасы өнерге деген жанашырлықтан туған.

Әшірбек Сығай:

— Менің алғашқы кітабым – 1978 жылы шықты, «Іңкәр шақ» деген. Содан бүгінгі күнге дейін 17 кітабым шықты.  Енді бұйыртса, «Таңғажайып театр» дейтін тағы бір кітабымды дайындап отырмын.

Тек сол кітаптың тұсауы енді автордың қатысуынсыз кесілмек.  Себебі бүгін Астанадан Әшірбек Сығай жүрек сырқатынан көз жұмды деген суыт хабар жетті.

Есмұхан Обаев, режиссер:

-Соңғы күніне дейін театрым деп кеткен жазушы, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр зерттеушісі, профессор, досымыз Әшірбек Сығай дүние салды.  Амал бар ма, топырағы торқа болсын. Кішкетай болсада, ел қуанышы үшін қуанып жүретін еді. 


Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, актер:

-Өзі менен көп нәрсе жөнінде ақылдасып жүретін жақсы інім Әшірбектің қазасы мен үшін ауыр. Тіпті сенімсіз мен үшін. Өзінің қалжыңымен, әдемі күлкісімен қасымда отырғандай.

Қазақ театырының бірегей сыншысы 1947 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Туабітті таланты мен ерен еңбекқорлығы оны биікке жетеледі. Ол керемет сыншы болумен қатар лауазымды қызметтерді де абыроймен атқара білді. Бүгінгі Қазақтың өнер академиясы, бұрынғы Театр және кино институтын басқарды. Еліміздің мәдениет министрінің орынбасары болды. Ал соңғы жылдары Әшірбек Сығай Астанадағы өнер академиясында дәріс оқып, шәкірт тәрбиелеп жүрген болатын. Сонымен қатар, өнердегі кем-кетікті зерттеп, оны парламентке дейін жеткізіп жүрді. Мәселен, өткен айда актерлерді кемі екі айға облыстарға барып қызмет етуге міндеттейтін заңды қабылдауды ұсынып, бастама көтерген. Ондағысы өңірдегі құлдырап бара жатқан театрларды көтеру еді.

Әшірбек Сығай:

— Барлығы асаба. Телеведение радиода жүр бәрі. Рахат, жылы жер. Астана мен Алматыдан шықпайды. Сонда кім барады Атырауға? Қызылорда мен Маңғыстаудың халқы адам емес па? Сондағы жұрт өнерден қашан ләззат алады?  Бояуынан нақышынан.

Марқұмның артында 3 ұлымен бірге, 6 немересі және жары Күләш қалды. Тау тұлғаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең сағат 10-да Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрда өтеді.