Жарияланды: 640

Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақ құрбандарына ескерткіш ашылды

Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақ құрбандарына ескерткіш ашылды

Бельгияның Ипр қаласында ҚР-дың Бельгиядағы елшілігінің және қала мэриясының ұйымдастыруымен ядролық сынақ құрбандарына ескерткіштің ашылу рәсімі өтті,

деп хабарлайды сейсенбі күні сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Ескерткіш Бельгия мен Еуропаның атақты мұражайларының бірі – бейбітшілік тақырыбын насихаттайтын «Фландрия далалары» мұражайында орнатылды. Ипр қаласы бекер таңдалып отырған жоқ. Дүниежүзі тұрғындарын 2020 жылға қарай ядролық қаруға тыйым салуға және жоюға шақыратын халықаралық қала басшыларының ұйымы – «Мэрлер бейбітшілік үшін» кампаниясының халықаралық хатшылығы осы қалада орналасқан», - делінген СІМ ақпаратында. Ипр мэрі Люк Деан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық сынақ құрбандарына монументті сыйға тартқаны үшін алғыс айтты. Өз кезегінде белгілі қазақстандық қайраткер, ақын, ЮНЕСКО жанындағы еліміздің өкілі Олжас Сүлейменов 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылғаннан кейін осындай 4 полигон жабылғанын атап өтті. Рәсімге қатысушылар Ипр мен Семей қалаларын тарихи оқиғалар сәйкестігі біріктіретінін атап көрсетті. «1915 жылдың 22 сәуірінде Ипр қаласына жақын маңда жаппай қырып-жою қаруы саналатын химиялық қару сыналған. Ал Семей ядролық қаруды сынау алаңы болғанымен белгілі», - делінген СІМ-нің ақпаратында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін