Бұған дейін саясаткер кәмелеттік жасқа толмаған жезөкшелермен байланысы бар деп айыпталған. Атап айтқанда, «Руби» деген лақап атпен белгілі мароккалық Кәрима әл-Маругпен төсектес болған делінді. Сол уақытта ол 18 жасқа толмағандықтан Берлусконидің басы бәлеге қалған болатын. Тіпті соның жазасы ретінде қоғамдық іске жегілгені есте. Дегенмен Италия Жоғарғы сотының кассациялық алқасы экс-премьер бойжеткеннің нақты жасын білмегенін, ал қыздың өзі ол жайында тіс жармағанын алға тартып, оны кінәсіз деп тапты.