Жарияланды: 480

Бес жасар бүлдіршінді зорламақ болған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

Бес жасар бүлдіршінді зорламақ болған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

Астанада 5 жасар бүлдіршінді зорламақ болған Жамбыл облысының тұрғыны құрықталды.

Бұл туралы дүйсенбі күні елорда ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, 8-қыркүйек күні полицияға аулада ойнап жүрген бес жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.
Оқиға болған жерге шұғыл келіп жеткен полиция қызметкерлері сол аумақта шөптің арасынан бүлдіршінді зорламақ болған ер адамды ұстап алған.
Қолға түскен 32 жастағы күдіктінің Жамбыл облысынан келгені және бұрын қарулы шабуыл жасағаны үшін істі болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті оқшаулағышқа тоғытылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін