Биік бағанда 3 сағат бойы тікеден-тік тұрған бойжеткен алматылықтардың таңданысын тудырды - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биік бағанда 3 сағат бойы тікеден-тік тұрған бойжеткен алматылықтардың таңданысын тудырды - ВИДЕО

Биік бағанда 3 сағат бойы тікеден-тік тұрған бойжеткен алматылықтардың таңданысын тудырды - ВИДЕО

Кеше «Алматы-2»  вокзалының алдында бір бойжеткен биік әрі жіңішке бағанның үстіне шығып алды.

  • 28 Тамыз 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

Сол тұрғаннан 3 сағат орнынан қозғалмады. Оның үнсіз әрекеті жолаушылардың таңданысын тудырды. Көп ұзамай әлеуметтік желіде тапжылмай тұрған қыздың суреттері мен видеосы жариялана бастады.

Жұмбақ жайтты түсіндіру үшін «Алматы-2» вокзалындағы Көліктегі ІІД желілік басқармасына хабарластық. Белгілі болғандай, бұл Алматы күніне орай өткізіліп жатқан ARTBAT FEST 6 фестиваліне қатысушы ресейлік суретші Ольга Кройтор екен. Суретші «Точка опоры» атты перфоманс көрсеткен.

Бұған дейін ол осы қойылымын Мәскеу халықаралық биенналесінде көрсеткен. Суретші алматылықтардың эмоциясын бақылау қызық болды дейді.