Білдей басқарма бастығы дайындап келген жоспарын түсіндіре алмай ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білдей басқарма бастығы дайындап келген жоспарын түсіндіре алмай ұятқа қалды

Білдей басқарма бастығы дайындап келген жоспарын түсіндіре алмай ұятқа қалды

Солтүстік Қазақстан облысының басшысы ескі әдіспен жұмыс істеуге еті үйреніп қалған шенеуніктердің есін шығарды. Әкім облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығы Зиятден Молдағановтың 35 минутқа созылған баяндамасын сағатына қарап отырып, әдейі соңына дейін тыңдаған. Сорақысы сол, жарты сағат бойы ауылды дамыту туралы баяндама оқыған шенеунік сол құжаттың түпкі мақсатын өзі де түсінбейтін болып шықты.

  • 25 Қазан 2013
  • 355
Фото - Caravan.kz

Тура 35 минутқа созылған баяндаманы басқарма бастығына қарамағындағы 60 адам дайындапты. Сорақысы сол жарты сағат бойы ауылдық аймақтарды қалай дамыту керектігі туралы айтқан шенді сол құжаттың түпкі мақсатын өзі де түсініп отырған жоқ. 

Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Өзің айтшы, ауылдан шықтың ғой, Ақжар ауданында істедің 5 жыл орынбасар болып, өз аузыңмен айтшы, ауылда не керек, бүгін ауылдың тұрғындары сол жерде қалып тұру үшін?

— Жағдайларын жақсарту керек.

— Жақсы жағдайдың астында не барын қайдан түсінесің сен? Айта берме, «өмір сапасы» ол не, не түсінесің?  

Алайда ауылдан шыққан шенді, әкімнің алдына аспаннан түскендей аңтарылып қалды. Басқарма бастығы болып тағайындалғанына бір жылдан асқан ол мемлекеттік бағдарламаның нені көздейтінін білмейді екен. Білдей лауазым иесінен мұндай сауатсыздықты күтпеген әкім тіпті орнынан атып тұрып, оған құжаттың түпкі мақсатын өзі түсіндіруге кірісті.  


Самат Ескендіров, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Түсінетін адамсың, не керек? Жұмыс орны керек, жалақы керек ,дұрыс, жол керек, үй керек тұратын, мәдениет те керек, спорт та керек,  білім, ол жағдай бар, сонымен?

Айта кетерлігі, 700 ден астам ауылы бар Солтүстік Қазақстан облысы қазір экономикалық дамуы жағынан артта қалған өңірлердің бірі саналады. Ауылдық жерлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға тиіс басқарма  бастығының өзі бұл құжаттың түпкі мақсатын білмесе, бұл түсінікті де. Бұған күйінген әкім ақыры құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды Экономика басқармасынан алып, Ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына жүктеді.