Билік партиясының жақтастары Астанаға ағылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Билік партиясының  жақтастары Астанаға ағылуда

Билік партиясының жақтастары Астанаға ағылуда

Мыңдаған «Нұр отандық» жаппай Астанаға ағылуда! Еліміздің ең басты партиясы ертең құрылтайын өткізуге әзірленіп жатыр. Сьезде «Нұр Отанның» төрағасы, президент Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды сайлауалды бағдарламасын жариялайды. Сондай-ақ, Мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттарының тізімін бекітпек. Ал ірі саяси күштің жақтастары Елордаға бірнеше күннен бері толастамай келіп жатыр.

  • 29 Қаңтар 2016
  • 185
Фото - Caravan.kz

«Нұр отандықтардың» бір тобы Қостанай облысынан түске таман пойызбен жетті. 33 делегаттың ең маңызды саяси жиыннан күтері көп. Құрылтайға киетін киімдерін дайындап, ал жол бойы жалынды ұрандарын жаттап келіпті.  Ертең Тәуелсіздік сарайында өтетін билік партиясының құрылтайына облыстардан жалпы саны 2 мыңнан астам делегат қатыспақ.

Михаил Дәуенов, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

-Билікпен жақындату. Бәріміз бір қолтық жұмыс жасап, осы қиын тараптан аман-есен шығып және де алдымызға қойған қазіргі үлкен ұлттық және де басқа бағдарламаларды соны орындай отырып, жаңа жеңістіктерге жетуіміз керек.