Жарияланды: 530

Білім министрі пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқытатын жаңа мектепті ашты

Білім министрі пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқытатын жаңа мектепті ашты

Бүгін Астанада дарынды балаларға арналған №81 жаңа «Astana English School» мектебі ашылды.

1200 балаға арналған мектеп оқушыларды арнайы іріктеу арқылы ғана қабылдап жатыр. Қазақ және кейбір пәндерді ағылшын тілінде үйрететін мектептің ашылуына Білім және ғылым министрі Асылжан Сәрінжіпов те қатысты. 

«Бүгін біз жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастап отырмыз. Біз үшін үлкен мереке, үлкен қуаныш. Сондықтан, шын жүректен баршаңызды құттықтаймын! Жалпы, жыл сайын Қазақстанда 150-ден астам жаңа мектеп ашылып отырады. Дегенмен, бүгін алғашқы оқушыларын қабылдаған бұл мектептің деңгейі мен дәрежесі жоғары болмақ. Себебі, мектеп кейбір пәндерін ағылшын тілінде үйретеді. Бұл - қазіргі заманның талабы»,-дейді өз құттықтауында А.Сәрінжіпов.

Сонымен қатар, бүгін барша мектептерде алғашқы сабақ туған жер туралы болатынын айта келе, министр 1-сынып оқушыларына Мемлекет басшысының сыйлығы - «Менің Отаным - Қазақстан!» атты кітапты табыс етті. 
«Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша мектептердегі алғашқы сабақ «Менің Отаным - Қазақстан» деген пәннен басталады. Өйткені, ең басты құндылығымыз - тұрақтылық пен келісім. Мемлекет басшысы биыл 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндерге ерекше сый жасады. Биыл Қазақстан бойынша 330 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барды»,-деп атап өтті А.Сәрінжіпов.

2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
10
 
12
 
13
 
15
 
16
 
17
 
18

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін