Бір ауыз сөзі үшін басы дауға қалған депутат тексерілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір ауыз сөзі үшін басы дауға қалған депутат тексерілетін болды

Бір ауыз сөзі үшін басы дауға қалған депутат тексерілетін болды

ОСК Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловты тексереді. Осылайша, Халыққа қызмет көрсету орталығында қайтыс болған адам туралы "Мұндай жағдаймен ол үйінде де өлуі мүмкін еді" деп, жұртты шулатқан оның мәселесі майшаммен қаралмақ.

  • 18 Қаңтар 2017
  • 2465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

"2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясында биыл 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған "Успешный" депутат Жамалов может покинуть Парламент Казахстана" мақаласындағы дерек бойынша отырыс өтті", — делінген хабарламада.

ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаевтың хабарламасы тыңдалғаны және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты А.М.Жамаловтың түсінігі тыңдалғаны хабарланып отыр.

ҚР Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес, ҚР ОСК мүшелері М.А.Сәрсембаевақа және Л.Ж.Сүлейменовке тексеріс жүргізу және биыл 24 қаңтарда қорытынды жайында баяндау тапсырылды. ҚР ОСК-нің осы мәселе бойынша қаулысы қабылданған. 

Портал материалында Жамаловтың екі ЖШС құрылтайшысы екені және Жамаловтың Конституциялық заң бойынша бұл үшін мәжілісменнің орнына кетуі керек екені хабарланған.  

"ОСК нақты жауап береді, олар барлығын тексереді, сосын ресми жауап береді", — деді тілшілерге Жамалов Парламенттің жалпы отырысы аяқталғаннан кейін.


Ал бизнесі жайлы сұраққа ол былай деп жауап берді: "Иесі болуға тыйым салынған ба? Заң бойынша мен өз иелігімдегі сенімгерлік басқарумен, барлық жылжымайтын-жылжымайтын мүліктерімді өткізуім керек, мен мұны заң бойынша орындадым. Мұны растайтын құжаттар бүгін ОСК-ға беріледі".

Еске салайық, депутат ХҚКО-да қайтыс болған адам жайлы "Мұндай жағдаймен ол үйінде де өлуі мүмкін еді" деп пікір білдіргені үшін басы дауға қалған болатын. Сосын ол өз пікірін түсіндіріп, артынша кешірім сұраған еді.
 

Соңғы жаңалықтар