Бір орында ұзақ отырып жұмыс жасау зиянды - дәрігерлер - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір орында ұзақ отырып жұмыс жасау зиянды - дәрігерлер

Бір орында ұзақ отырып жұмыс жасау зиянды - дәрігерлер

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау институты компания басшыларына жаңа нұсқаулықтар шығарды. 

  • 27 Наурыз 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Британиялық мамандардың сөздеріне қарағанда, кеңсе қызметкерлері тым көп уақыт бойы отырып жұмыс істейді. Бұл денсаулыққа кері әсерін тигізіп, артық салмақтың тууына жол береді. Сондықтан жиналыстарда қызметкерлер отырмауы тиіс.   Егер кездесу кеңседен тыс болса, қызметкер кездесу орнына жаяу немесе велосипед көмегімен жеткені абзал.    

Статистикаға сүйенсек, қозғалыс белсенділігінің қалыпты деңгейі Британияда жылына 37 мың уақыттан бұрын өлімнің алдын алуға қауқарлы.   

Сондай-ақ медицина өкілдері жұмыста темекі шегетін қызметкерлерді жазалауды ұсынды. Ал мектепте балаларға  алкогольдің зияны туралы ақпаратты дұрыс жеткізуге кеңес берді. Дәрігерлердің бұл бастамалары сынға ілігіп үлгерді. Өйткені қызметкерді «теріс қылығы» үшін жазалауға болмайды.