Жарияланды: 880

Бір тәулік ішінде Facebook-ке кіргендердің саны бір миллиардқа жетті

Бір тәулік ішінде Facebook-ке кіргендердің саны бір миллиардқа жетті

24 тамызда Facebook әлеуметтік желісіне кіргендердің саны алғаш рет бір миллиард адамды құрады.

Бұл туралы 28 тамызда әлеуметтік желіні құрушы Марк Цукерберг өз парақшасында жазды.

«Дүйсенбі күні Жердің жеті тұрғынының біреуі достарымен және отбасы мүшелерімен байланысқа шығуы үшін Facebook-ті пайдаланды», - деп жазды Цукерберг.

2013 жылдың тамызында Цукерберг Internet.org қорын іске қосты, оған сонымен қатар Ericsson, Nokia, Samsung, Opera Software, Qualcomm және өзге де бірқатар компания кіреді. Оның негізгі мақсаты - бүкіл әлем бойынша бес миллиард адамға интернетке деген қолжетімділікті тегін ету. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін