Жарияланды: 620

Біріккен Араб Әмірліктері қазақстандық ұйымдасқан қылмыстық топтар басшыларын елге қайтарды

Біріккен Араб Әмірліктері қазақстандық ұйымдасқан қылмыстық топтар басшыларын елге қайтарды

Ұзақ уақыт бойы Алматы облысының Қытаймен шекарасындағы «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттері арқылы контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) жетекшілері Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) Қазақстанға экстрадицияланды.

«Үстіміздегі жылдың 11 маусымында ҰҚТ жетекшілері Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаев Қазақстанның бас прокуратурасының және БАӘ-дегі Қазақстанның дипломатиялық қызметтерінің қолдауымен агенттіктің (қаржы полициясының - ҚазТАГ) оперативті-тергеу тобының қарамағымен Қазақстан Республикасына депортацияланды», – деп хабарлайды ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігінің (ЭҚСЖКА) баспасөз қызметі. Қаржы полициясы іздеуге жарияланған екі фигуранттың ҰҚТ мүшелерін ұстау бойынша кең көлемді операцияны өткізу күні қамқоршыларының көмегімен қылмыстық қудалаудан қашып кеткенін еске салды. «Қайырбаев пен Отарбаев іздестіру органдарынан Қытай Халық Республикасының аумағында жасырынған. Кейін қолға түсуден қорқып, Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен, агенттік пен Әбу-Даби интерполының бірлескен іс-қимылының нәтижесінде сол жақта ұсталды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде айыпталушылармен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбай отыр. Бұрын хабарланғандай, ЭҚСЖКА - ның «Қорғас», «Қалжат» бекеттерінде және «Алатау» кедендік рәсімдеу орталығында жүргізген арнайы шараларының нәтижесінде қызметтік кеңселерде тінту жүргізіліп, құжаттар мен мұрағат тәркіленді. Кейін қаржы полициясы Алматы облысындағы кеден бекеттерінде белсенді түрде әрекет еткен, 100-ден аса адамнан құралған ҰҚТ-ның қызметі тоқтатылғанын хабарлады. Қаржы полициясының ақпараты бойынша ҰҚТ қызметіне қылмыстық құрылымдардың өкілдерімен бірге құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының да қатысы болған, олар заңсыз сыйақы үшін топқа қамқоршылық көрсеткен. Сот ҰҚТ-ның 16 мүшесін қамауға алуға санкция берді. Қамауға алынғандардың ішінде «Қорғас» кеден бекетінің бастығы Бақытжан Айдаров, Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаменті бастығының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев бар, Алматы облысы бойынша КБД бастығы Құрманбек Артықбаев бар. 6 мамырда премьер-министр Кәрім Мәсімов кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозовты қызметінен босатып, оның орнына ІІМ экс-басшысы Серік Баймағамбетовты тағайындады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін