Бұл туралы "Замана" газеті жазды.
Мысалы, іргеміздегі Қытайда 2017 жылдың алғашқы күні онда қолданылатын Ай-Күн (Шығыс) күнтізбесі бойынша 28 қаңтарға тура келеді. Ол «Чун Цзе», яғни «Көктем мерекесі» деп аталады. Оларда дәл осы күні жаңа, 4715 жыл басталады. Жаңа жылды мерекелеу 15 күн бойы жалғасады, сөйтіп ол келесі, ақпан айының алғашқы онкүндігін қоса қамтиды. Ішінара 1 қаңтарды атап өтетіндер де бар, оған қатаң тыйым салынбаған.
Ал Иран үшін жыл басы – 22-наурыз. (Парсыларда көктемнің бұл айы «Фавардин» деп аталады). 2017 жылы 22 наурызда парсы күнтізбесі бойынша 1396-жыл басталады.
Үндістанның 1957-жылғы 22-наурызда қабылданған ортақ күнтізбесі бойынша да Жаңа жыл 22 наурызда басталады. Үндістанда бұл күн – 1 чайнтра. Ал 1 қаңтар оларда жұмыс күні.
Израильде алдағы жаңа жыл 22-қыркүйекте «келеді». Иудей күнтізбесі бойынша бұл күн – 1 тишрей. Оны «Рош Ха-Шана» деп атайды. Иудейлер 5778-жылды қарсы алады. Еврейлер үшін аптаның сенбісі қасиетті күн саналады, егер оған тура келіп қалмаса олар үшін 1 қаңтар – қатардағы жұмыс күні.
Ал Сауд Арабиясында 1 қаңтарды жыл басы деп мерекелеуге тіпті тиым салынған. Мұсылман күнтізбесі бойынша жыл басы 1 мұхаррамда басталады. Яғни Ай күнтізбесінің қазіргі тұтыныстағы Григорий күнтізбесінен оншақты күн айырмасы бар, сондықтан 1 мұхаррам да осынша күнге жылжып келіп отырады. Алдағы 2017 жылдың 21 қыркүйек күні (1 мұхаррам) Хижра жыл санағы бойынша 1439 жыл басталады.
…Міне, әлемде осындай да қызықтар бар. Ал біздің елде 1 қаңтар да, 22 наурыз да Жыл басы деп тойлана береді. Жалпы, мұның зияны жоқ сияқты.