Бішкек әуежайының маңында ұшақ құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкек әуежайының маңында ұшақ құлады

Бішкек әуежайының маңында ұшақ құлады

Қырғызстан астанасындағы Манас әуежайынан бірнеше шақырым қашықтықта түрік әуекомпаниясының Ыстамбұл-Бішкек рейсімен бет алған жүк ұшағы құлады.

  • 16 Қаңтар 2017
  • 774
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды, деп жазады 24.kz. 

«Ұшақ бортында тек экипаж мүшелері болған, олардың нақты санын әзірге айта алмаймыз», — деп хабарлады агенттік өкілі. Әзірге қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Қырғыз ТЖМ мәліметтері бойынша әуе кемесі саяжай ауылына құлаған. «Ұшақ құлағаннан кейін ауыл аймағындағы екі үй өртенді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру шаралары жүріп жатыр», деп хабарлады министрлікте.