Шараға қатысушылар қолдарына «Бакиев — өтірікші және ұры», «Біріккен фронт құқықтық конституциялық реформалар жүргізу үшін», «Халық бірге» деген плакаттар ұстаған.
Іс-шараны ұйымдастырушылар — » Қырғызстанның лайықты болашағы үшін» біріккен фронты мен «Реформалар үшін!» қозғалысы. Адамдар қолдарына Қырғызстанның туы мен біріккен фронттың туын ұстаған. Шараға біріккен фронттың көшбасшысы — экс-примьер Феликс Құлов, Қырғызстан парламентіндегі оппозициялық көзқарастағы депутаттар Темір Сариев пен Омурбек Текебаев келді.
Қазір Бішкектің орталық алаңында бірнеше ондаған киіз үйлер мен әскери шатырлар тігілген. Онда митингке қатысу үшін аймақтардан келгендер түнейді. Осында арнайы жеткізілген биодәретханалар орнатылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті