«Бисмилля деп турайын»: Ұлттық тағамды ешқашан жеп көрмеген қазаққа «қарынбүрмеден» ауыз тигізген кәріс азаматы елді сүйсінтті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бисмилля деп турайын»: Ұлттық тағамды ешқашан жеп көрмеген қазаққа «қарынбүрмеден» ауыз тигізген кәріс азаматы елді сүйсінтті (ВИДЕО)

«Бисмилля деп турайын»: Ұлттық тағамды ешқашан жеп көрмеген қазаққа «қарынбүрмеден» ауыз тигізген кәріс азаматы елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Желіде кәріс азаматының қазақтың ұлттық тағамы қарын бүрмені пісіріп, қазақ азаматын дастарханға шақырған видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

  • 13 Сәуiр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

«Бәріне ассалаймалейкум, кәріс қазақты қонаққа шақырған жайы бар. Жылқының қарнына қой, сиыр, жылқы етін, жал-жая бәрін салдым. Бисмилля деп кесейін. Қазақ болсам да бірінші рет мұндайды жейін деп тұрмын», — дейді ер адам.

Оған ұлты кәріс азамат: «Ұят қой, масқара» деп әзілдеп жауап береді.

Сонымен бірге ол қарын ішіне көкөністерді де салғанын айтады.

«Бұған саңырауқұлақ және т.б. көкөністерді қостым. Көрдің бе? Қабырғаның еті түсіп қалған, демек ет жұмсақ болып піскен», — дейді кәріс азаматы.

Сонымен бірге видеодағы ер адам кәріс азаматының қасық орнына таяқша бергенін айтып, әзілдеп күлгенін көруге болады.

Желі қолданушылары қазақтың ұлттық тағамы – қарын бүрмені дәмін келтіріп тұрып пісірген кәріс азаматына алғыс айтқан.


«Осыны қазақтар өзіміз білмейміз? Бұлар қайдан біліп жүр екен?», «Қазақты сыйлап, ұлттық тағамын дайындап, дастархан жайып, шақырған шын көңіліңізге рахмет», «Керемет пісірген сияқты ғой, қандай әдемі көрініс» деп жазды олар.