Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

  • 16 Мамыр 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

 Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы жаңа жәрдемақы алады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға бірінші топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу нормалары бекітілді", — деді Әбілқасымова.

Бұл жәрдемақыны 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Мемлекеттік жәрдемақы оларға өмір бойы төленеді. Маңыздысы — әйелдің мүгедек баласына күтім жасаған жылдары зейнетке шыққанда еңбек өтіліне қосылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Айта кетсек, бүгінгі таңда бала кезден бірінші топтағы мүгедек адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері — 54 306 теңге.

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары, медициналық стандарттар мен медициналық мекемелердің стандартты ережелері талап етіледі.


Оқи отырыңыз:

Астанада Түркия азаматының көлігі өртеніп кетті

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды

 

Соңғы жаңалықтар