Жарияланды: 480

Биыл 157 жаңа мектеп оқушыларды қабылдайды

Биыл 157 жаңа мектеп оқушыларды қабылдайды

Биыл 157 жаңа мектеп оқушыларды қабылдайды.

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі алдында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Қазіргі таңда білім министрлігі өңірлермен бірігіп, жаңа  оқу жылына дайындық жұмыстарын атқаруда. Биыл біз 157 жаңа мектепті ашатын боламыз. Үш ауысымды және апатты мектептерді айтар болсақ,  олар да өз шешімдерін тауып жатыр».

Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, бүгінгі күні үш ауысыммен сабақ беретін  мектептердің саны 20 пайызға төмендеген. Дегенмен, әлі де болса елімізде мұндай 80 мектеп бар. «Ал, апатты жағдайдағы мектептер саны 2 есеге азайды. Яғни, былтыр 130 мектеп болса, қазір апатты жағдайдағы 66 мектеп қана қалды. Бұл мәселелерді біз 2017 жылдың аяғына дейін  толығымен шешетін боламыз»,-  деді А.Сәрінжіпов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін