Биыл әскери парад өтпейді - қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл әскери парад өтпейді - қорғаныс министрлігі

Биыл әскери парад өтпейді - қорғаныс министрлігі

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты бұқаралық шараларға тыйым салынған

  • 14 Сәуiр 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Sputnik Қазақстан ақпаратын қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Парадтың орнына қандай шаралар өтетінін әзірге айта алмаймыз", — деді Қорғаныс министрлігіндегілер.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпеді. Бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған болатын. Алайда бұл күні ардагерлер назардан тыс қалмады. Оларды ел басшылығы, шенеуніктер, әскери қызметкерлер, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар құттықтады.

Мамыр айында елімізде үш мереке атап өтіледі. 1-3 мамыр аралығында қазақстандықтар Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай демалады. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 8 мамыр — сенбі. 9 мамыр — Жеңіс күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан мерекелік демалыс күні 10 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.


 

Соңғы жаңалықтар