Жарияланды: 430

Биыл Астана мектептерін 3283 түлек бітіріп, олардың 38-і таңдаулы шетелдік жоғары оқу орындарының студенті атанса, 370 түлек мемлекеттік грантқа ие болды

Биыл Астана мектептерін 3283 түлек бітіріп, олардың 38-і таңдаулы шетелдік жоғары оқу орындарының студенті атанса, 370 түлек мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл туралы бүгін, 27-тамызда білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясында Астана қалалық білім беру департаментінің директоры Әмірхан Рахымжанов хабарлады.

Биылғы жылы Елордасындағы білім беру саласының бюджеті 2 млрд. 887 млн. теңгені құраған. Жаңа оқу жылы қарсаңында мұнда екі жаңа мектеп салынып, бір мектеп ғимаратына қосымша құрылыс жалғанды. Алдағы жылы тағы да 6 мектеп пайдалануға беріледі дейді білім беру департаментінің директоры. Білім беру процессіне озық технологияларды енгізу қарқыны да арта түсуде. Айталық, тек биылғы жылы 19 млн. теңгеге компьютерлік техника сатып алынса, алдағы жылы бұл мақсатқа бюджеттен 20 млн. теңге қарастырылып отыр. Мемлекеттік тілде білім беретін 11 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылуда. Елордасындағы мектептерде 5118 мұғалім жұмыс істейді. Олардың арасынан "Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін", "Спорт және салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін", "Балалардың шығармашылық деңгейінің өсуіне жағдай жасағаны үшін" деген номинациялар бойынша үздік ұстаздар сыналтылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть