«Министрдің тапсырмасы бойынша полицияның іс-қызметіне қатысы бар барлық сыни материалдар бақылауға алынып, ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан жұмыс бабындағы құзыретін пайдалануға қатысты барлық оқиғалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізіледі», — деді А. Шпекбаев.
Оның мәліметінше, биыл түрлі БАҚ-тарда 240 сыни материал жарық көрді, соған сәйкес 4 қызметкер жұмыстан шығарылып, 11 қызметкер лауазымынан босатылып, тағы 129 адам, соның ішінде басқарушылар құрамындағы 31 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті