Биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді - Тоқаев

Биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді - Тоқаев

Биыл күзде Президент сайлауы өтеді. Мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын, деді Қасым- ЖомартТоқаев

  • 1 Қыркүйек 2022
  • 87
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар