«Соңғы үш жылда қаладағы прокурорлық тексерулермен 1 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық туралы заңды бұзу оқиғалары анықталды. Олар бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды. Тек сыбайлас жемқорлық заңын бұзғаны үшін 1100 лауазымды тұлға қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Ж. Байтұқбаев.
Оның айтуынша, прокурорлық тексерістердің нәтижесінде былтыр Алматы қалалық қала құрылысы және сәулет департаментінде 10 мыңнан астам кәсіпкерлердің арызын қарастыру тәртібінің бұзылу оқиғасы анықталған. «Ал биыл қазіргі күні қала құрылысы және сәулет департаментінде 1886 арыз жатыр. Оның ішінде 600-ден астамының қарастыру мерзімдері аяқталған. Біз бұны сыбайлас жемқорлық заңының бұзылуын тудыратын жағдайлардың бірі деп есептейміз», — деді прокурор.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті