Биыл наурызда "Qatar Airways" Қазақстанға алғашқы рейсін жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл наурызда "Qatar Airways" Қазақстанға алғашқы рейсін жасайды

Биыл наурызда "Qatar Airways" Қазақстанға алғашқы рейсін жасайды

Қазақтың байларын қуантатын жаңалық.

  • 13 Қаңтар 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

2020 жылдың 30 наурызында "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха мен Нұр-Cұлтан қалалары арасында рейстің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды zakon.kzҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ал 2020 жылдың 1 сәуірінде "Qatar Airways" әуе компаниясының Доха және Алматы қалалары арасында рейстің ашылу рәсімі өтеді.

Инаугурациялық рейстер Боинг-787 (Dreamliner) үлгісіндегі әуе кемесінде орындалатын болады. "Qatar Airways" әуе компаниясы Доха қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына аптасына 2 рейс жиілікпен және Алматы қаласына аптасына 4 рейс жиілікпен Эйрбас-320 үлгісіндегі әуе кемесінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

Екі ел арасындағы рейстерге билеттерді сатуды бастау ағымдағы жылдың 16 қаңтарына жоспарланған.


Рейстің ашылуы қазақстандық жолаушыларға Qatar Airways авиакомпаниясының 160 бағытына сапар шегуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар