Жарияланды: 1200

Биыл қанша тонна астық бастыру жоспарда бар

Биыл қанша тонна астық бастыру жоспарда бар

Биыл ел диқандары 17,3 млн астық бастыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін «Ақмол-феникс» кәсіпорнына ұйымдастырылған пресс-тур барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті. 

«Осы жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн гектарды құрады. Жалпы сыйымдылығы 342 мың тонна болатын астық сақтау қоймалары салынады. Ал, ғарыштан жүргізілген мониторингін сүйенсек, 17,3 млн тонна астық бастырылады деп жоспарлануда», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде сыйымдылығы 3,7 млн тонна астық қоймалары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде сыйымдылығы 12,6 млн тонна қоймалар бар. 
«Бұл биыл жинайтын астықты бұзбай сақтауға толық мүмкіндік береді»,-деді вице-министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін