Жарияланды: 240

Биыл Қазақстан тез әзірленетін кеспе экспорттайды

Биыл Қазақстан тез әзірленетін кеспе экспорттайды

«Маревен Фуд» компаниясы Алматы облысында Қапшағай қаласында дайындалған таған өнімдері мен шала өнімдерді өндіретін зауыт салып іске қосуға шамамен 50 млн АҚШ долларын жұмсайтын болады.

Осы жобаны іске асыру өңірде жаңа 600-ге дейін жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Маревен Фуд» тағам өнімдерін өндіру мен сатумен айналысатын халықаралық FMCG (Fast Moving Consumer Goods – күнделікті сұранысқа ие тауарлар) компания болып табылады. Компанияның сауда маркасының портфелі «Роллтон» және «BIGBON» сияқты белгілі брендтерді, сондай-ақ «Mareven Food Professional» кәсіби аспаздық брендті қамтиды. Барлық өнім ISO 9001:2008 сапа менеджментінің жоғары стандарттарына сәйкеседі. Компания әлемнің басқа елдерінде де инвестициялық жобаларды іске асыруда жемісті тәжірибеге ие.

Инвесторлар атап отырғандай, жаңа зауыт жергілікті өндірушіден ауқымды тағамдық өнімдер жиынын ұсынатын болады, бұл Қазақстанның ішкі рыногын өніммен қамтамасыз етеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, сондай-ақ Моңғолия мен Еуразиялық өңір елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

«Өндірістік процесте шикізаттың негізгі үлесі басым түрде қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Біздер тәулігіне 90 тоннаға дейін өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. 2018 жыл бойына осындай өндірістік күшке шығуды жоспарладық», – деп атап кетті «Маревен Фуд» компания өкілі.

Зауыт құрылысы «Арна» индустриалдық өнеркәсіптік алаң аумағында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-коммуникациялық желі жеткізілген, басты қойма мен өндірістік нысандарды салу жұмыстары аяқталып жатыр.

Ертеректе 2017 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Mareven Food Holdings Limited (Кипр) ірі трансұлттық компанияның қазақстандық жобасы болып табылатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» арасында инвест келісім-шартқа қол қойылды.

«Kazakh Invest» Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп «Маревен Фуд» қолдау көрсетіп отыр. Зауыт ағымдағы жылы іске қосылатын болады. Ұлттық компания жеңілдіктер мен преференциялар алу мәселесінде жобаға көмектесетін болады», – деп атап кетті Алматы облысы бойынша «Kazakh Invest» өңірлік директоры Марк Бейдали.

«Kazakh Invest» тарапынан, инвесторға шығарылатын өнімге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуде, автомобиль жолдары және теміржол инфрақұрылымдарын жеткізуде, газбен жарақтауға қосылуға техникалық шарттар алуда қолдау, компанияның шетел жұмыскерлерін визалық қолдау, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды алуға инвестициялық келісімшарт бекітуде сүйемелдеу жағынан қолдау (технологиялық жабдық және оның құрауыштарын импорт алу кезінде кедендік баж салығын салудан босаты, сондай-ақ есептелген ұжымдық табыс салығының сомасын, жер салығы және мүлік салығын азайту) көрсетіледі.

Анықтама: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Kazakh Invest» Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия әзірленді. Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілетін болады: қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту; тиімді операциялық шараларды іске асыру және инвестицияларды тартудың жаңа жолдарын әзірлеу; жекешелендіру және мемлекеттік-жеке серіктестік.

Ұлттық стратегияда шетел инвестициясын тарту үшін басым салалар (АШК, машина жасау, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, кен-металлургия кешені, сауда) және әлемде инвестициялардың 80% үлесі тиесілі болатын 11 басым елдер (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ) анықталды. 2022 жылға қарай ПИИ жаппай ағыны 1,26 есе артады деп жоспарланып отыр; 2022 жылы ЖІӨ жаппай ПИИ көлемінің қатынасы 1,5 есе артатын болады; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 1,46 есе артады, экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есе артатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін