Жарияланды: 640

Биыл Қазақстаннан қанша адам Меккеге қажылыққа аттанады?

Биыл Қазақстаннан қанша адам Меккеге қажылыққа аттанады?

Биылғы қыркүйек айында 4 мыңнан астам қазақстандық азамат Меккеге қажылыққа аттанады.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан хабарламаға сүйенсек, биыл елімізден 4005 адам бес парызының бірін өтеуге бел буып отыр.
Инвестиция және даму министрлігі мен Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасы арасында бекітілген меморандумға сәйкес, қасиетті қалаға аттанған азаматтарды тасымалдау құқын халықаралық «FlyNas» компаниясы жеңіп алған. Жолаушылар Алматы-Жидда-Медина-Алматы бағыты бойынша тасымалданады. Алматыдан қыркүйектің 11-і мен 16-сы аралығында аттанған отандастарымыз қыркүйектің 27-сі мен 7-қазан аралығында қайтып оралмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін