Биылғы астық көлемі өткен жылғыдан төмен болмайды – «ҚазАгро» - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы астық көлемі өткен жылғыдан төмен болмайды – «ҚазАгро»

Биылғы астық көлемі өткен жылғыдан төмен болмайды – «ҚазАгро»

Биылғы астық көлемі өткен жылғыдан төмен болмайды.

  • 17 Шiлде 2014
  • 613
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАгро» холдингінің басқарушы директоры Қанат Жауымбаев мәлім етті.

«Қателеспесем өткен жылы 18 млн тоннаға жуық астық жинап алынды. Ауа-райы қолайлы болып тұрса, биылғы өнім көлемі де бункер салмағымен қосқанда сол деңгейден төмен болмауы тиіс», — деді Қ.Жауымбаев бейсенбідегі брифингте.

Ол «әр жерде әркелкі болып тұрған ауа-райының маңызы зор» екенін атап өтті.

«Мәселен, бір ғана Қостанай облысының кей бөлігінде ылғал жеткілікті болса, енді бір бөлігінде қуаңшылық басым. Ауа-райы осы күйінде тұрақтап тұрса бәрі ойдағыдай болуы тиіс», — деп қорытты К.Жауымбаев.


2013 жылы ел қамбасына 18 млн 231 мың 100 тонна астық пен бұршақ тұқымдастар құйылған болатын. Оның 76,5 пайызы бидай.