Рүстем Биғаридің айтуынша, жұмыс беруші мен азаматтар үшін мұндай формат уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін бұл бағыттағы жұмыстар аяқталады.
Сондай-ақ, бұл – жасанды диплом айналымына шектеу қоюға, жұмыс беруші мен мемлекеттік мекемелерді шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Алдымызда бұрынғы деректерді (дипломдарды) нақтылау бойынша жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмыс тұр. Оған уақыт қажет. Себебі, біз әр дипломды жеке тексеріп барып, деректер базасына енгіземіз, — деді ол.