Жарияланды: 430

Биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстанда 280 мыңнан астам бала дүние келді

Биылғы жылдың бастапқы тоғыз айында Қазақстанда 280 мыңнан астам бала дүние есігін ашты, деп Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

«Біз сараптама жүргіздік. 2012 жылы елімізде 280 мыңнан астам бала дүниеге келген. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 13 мың бала артық туылған», - деді ол дүйсенбі күні балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге арналған нобайлы жобаның басталуына арналған баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың 9 айында өлім-жітім тірі туған 1000 балаға шаққанда 13,9-дан келген. «2010 жылы тірі туған 1000 баланың 28-і шетінеген (...) Яғни, қазір балалар өлімі екі есеге дерлік төмендеді. Беталысымыз жаман емес, әрі қарай да осылай жалғастырамыз», - деді Е.Байжүнісов. «Біздің мақсатымыз - 2015 жылға дейін бала өлімін азайтып, тірі туған 1000 балаға шаққанда 20-ға дейін төмендету. (...) Осы бағытымыздан танбасақ, алдағы 5 жылда біз Еуропа елдерінің деңгейіне жетіп те қаламыз», - деп атап өтті ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін