Биылғы жылғы хит әндердің бірі ұрланған болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жылғы хит әндердің бірі ұрланған болып шықты

Биылғы жылғы хит әндердің бірі ұрланған болып шықты

Режиссер Нұртас Адамбай клипті YouTube-тен өшіріп тастаған.

  • 4 Маусым 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz

Нұртас Адамбайдың "Я – жених" фильмінің саундтрегі болған "Самая вышка" әні ұрланған болып шықты, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Нұртас Адамбай Raim & Artur дуэтінен көңілі қалғанын әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, "Самая вышка" әніне клип түсірмес бұрын әншілермен авторлық құқық туралы әңгімелесіпті. Олар продюсерді бұл жағынан ешқандай мәселе туындамайды деп сендірген. Бірақ кейін 2018 жылы хит болған әннің плагиат екені анықталды.  

"Біздің студия әлдекімнің авторлық құқығының бұзылуына қарсы. Сондықтан біз клипті түсіруге және оны телеарнада ротациялауға жұмсалған қаражатқа қарамастан оны YouTube-тегі каналдан өшіріп тастадық", — деп жазды Нұртас Адамбай Instagram-дағы парақшасында. 


Қазақстандық дуэттің "Самая вышка" әні америкалық әнші Майкл Санчестің Sun "Meets the Moon" туындысының өңделген нұсқасы болып шықты. 

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстыратындарға жауап қатты

«Әлем аруы-2018» байқауының жеңімпазы жол апатынан қаза болды
 

Соңғы жаңалықтар