Бизнес өкілдері 37 млрд теңгенің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру бойынша 846 меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бизнес өкілдері 37 млрд теңгенің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру бойынша 846 меморандумға қол қойды

Бизнес өкілдері 37 млрд теңгенің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру бойынша 846 меморандумға қол қойды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінгі күнге дейін бизнес-құрылымдардың өкілдері 37 млрд теңгенің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру бойынша 846 меморандум жасасты. Бұл туралы "Кәсіпорындағы жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қарым-қатынастары: тәжірибе, проблема, заңнаманы жетілдіру" атты семинар-жиналысында еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбденов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Маусым 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Жыл басынан бері 37,2 млрд теңгенің 846 меморандумы жасалды», — деді С. Әбденов. Оның айтуынша, құжаттар әртүрлі салаларды қамтиды. Олар балалардың мектепке дейінгі мекемелерін, мүгедектерге арналған реабилитациялық орталықтар, әлеуметті, мәдени және спорттық мақсаттағы нысандар салу болып жіктеледі.

«Мәселен, «Қазақмыс» сияқты компаниялар үлкен инфрақұрылым жасауда, спорт кешендерін салуда», — деп атап өтті вице-министр. «Әлеуметтік салаға компания 100 млн АҚШ долларын шығындайды. ENRC компаниясы БҰҰ жаһандық келісімінің барлық салаларына 300 млн АҚШ долларын жұмсайды. Оның ішінде экологиялық қауіпсіздік те бар», — деп сөзін түйіндеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті