Жарияланды: 3700

"Бөбек " қорының президенті Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында Білім күнінің ашылуына атсалысты

Бүгін, 1-қыркүйекте "Бөбек " қорының президенті Сара Назарбаева Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында Білім күнінің ашылуына атсалысты ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

С.Назарбаева Республикалық "Бөбек" оқыту-сауықтыру орталығында оқитын оқушыларға зор денсаулық пен бестік бағалар тіледі. Сондай-ақ, С.Назарбаева ҚР Конституция күніне орай өткізілген алғашқы сабаққа қатысып, жаңа лингафондық кабинеттерді, жаңа оқу жылына орай жекелеген пәндерге арналып жаңадан жабдықталған зертханалар мен кабинеттерді аралап көрді. "Өзіңді-өзің таны" атты жаңа тәжірибелік бағдарлама бойынша оқыта бастаған жаңа үлгідегі бұл оқыту орталығы осыдан дәл бір жыл бұрын, 2002-жылдың 1-қыркүйегінде өз оқушылары алдында есігін айқара ашқан болатын. 2003-жылы осындай тәжірибелік мектептер саны екі есе артып, 93 білім беру мекемесін қамтыды. Биылғы жылдың 1-қыркүйегінен бастап "Өзіңді-өзің таны" бағдарламасы еліміздің барлық облыстарындағы қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептерде оқыту үрдісіне енгізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть