Жарияланды: 250

Босқындар Еуропаны әлі мазалап жатыр

Германия билігі тағы да мигранттар легін қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бүгін Мюнхенге 11 мыңнан астам босқын баруы тиіс.

Қазір қаладағы вокзалдардың маңайында тәртіп сақшылары мен дәрігерлер қаптаған. Олар Австриядан келген мигранттарды алғашқы тексеруден өткізеді. Босқындар Бавариядағы жетімдер үйлеріне орналастырылмақ. Дегенмен, Германияның жергілікті тұрғындары бұған аса қуанып отырған жоқ. Кеше шетелдіктерді орналастыруға арналған үйде өрт шықты деген сыбыс тараған. Ал Сириядан келген мигранттардың жағдайы қазір мүшкіл. Көбі далада түнеп жатыр екен. Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін кәрі құрлыққа Африка мен Таяу Шығыстан келетін мигранттар саны бір миллионға жетуі мүмкін. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін