Бостонда Тәжияқовтың адвокаттары оның кінәсіздігін дәлелдейтін дәйектер келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бостонда Тәжияқовтың адвокаттары оның кінәсіздігін дәлелдейтін дәйектер келтірді

Бостонда Тәжияқовтың адвокаттары оның кінәсіздігін дәлелдейтін дәйектер келтірді

АҚШ-та Азамат Тәжияқовқа қатысты сот ісіне ертең соңғы нүкте қойылады деп күтілуде. Егер 12 алқа би мен 6 судья жерлесімізді «Жохар Царнаевтың сыбайласы» деп тапса, ол кемі 25 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін. 

  • 18 Шiлде 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz

Ал бүгін айыптаушылар мен қорғаушылардың сөз жарысына кезек берілді. Процеске шақыртылған куәгерлер жауабының дені Тәжияқовты ақтағанына қарамастан, прокурорлар айыптарын өзгеріссіз қалдырды. Ал отандасымызды қорғаған 6 адвокат Азаматтың кінәсіздігін дәлелдейтін біршама дәйек келтірген. Ең бастысы – Федералдық тергеу бюросының қос агентінің өтіріктері шығып қалғандықтан Тәжияқовқа қатысты оң шешім қабылдануы мүмкін.


Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:

— Таңертең бірінші прокурорлар сөйлесті. Өздерінің айғақтарын келтірді. Сол бұрнғы ескі әні. Сосын біздің адвокаттар сөйледі. Олар нақты 14 дәйек келтірді.