Бостондағы жарылыс үшін сотталғалы тұрған Тәжияқов жазасын отанында өтегісі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бостондағы жарылыс үшін сотталғалы тұрған Тәжияқов жазасын отанында өтегісі келеді

Бостондағы жарылыс үшін сотталғалы тұрған Тәжияқов жазасын отанында өтегісі келеді

АҚШ-тағы сот барысында алқа билер кінәлі деп тапқан қазақ баласы жазасын елде өтегісі келеді. Бостондағы жарылыс үшін сотталғалы тұрған Азамат Тәжияқовтың әкесі Әмір Исмағұлов енді ұлын Қазақстанға экстрадициялауды өтінбекші. 

  • 24 Шiлде 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

Тұңғышын АҚШ-тың түрмесіне қимаған ата-ана, осылайша, Азаматты елге қайтарып алмақ. О бастан ұлдарының ақталарына сенімді жүрген олар қазір есеңгіреген күйде. Сотпен келіспеген Азамат Тәжияқовтың әкесі ауыр жаза күшіне енген күні-ақ еліміздің Сыртқы істер министрлігіне баласын Қазақстанға экстрадициялау жөнінде өтініш жасамақшы. Яғни жазасын елде өтесе екен дейді. Ал үкім шыққанға дейін дипломаттардың араша түсуге құқығы жоқ.


Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:

-Сотта біздің адвокаттар 100 пайыз дәлелдеп берді. Азамат ешқандай сөмкені алған да жоқ, лақтырған да жоқ! Біз біздің Сыртқы істер министрлігіне балаларды Қазақстанға экстрадициялау жөнінде өтініш жасаймыз. Оны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шешеді.