Бозымбаев тегін оқытқан тараздық студенттерге Көкірекбаев ақша бөлмей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бозымбаев тегін оқытқан тараздық  студенттерге  Көкірекбаев ақша бөлмей  қойды

Бозымбаев тегін оқытқан тараздық студенттерге Көкірекбаев ақша бөлмей қойды

Алматыдағы медициналық университетте білім алып жатқан жамбылдық студенттердің ата-аналары шу шығарды. Өйткені облыс бюджеті есебінен Оңтүстік астанада білім алуы тиіс жеткіншектердің оқу ақысы төленбеген. Олардың ата-аналары сотқа шағымданып, бүгін алғашқы процес өтуі тиіс болатын. Бірақ жауапкер ретінде шақырылған шенеуніктер сот отырысына келмей қойған. Ал оның кейінге қалуы шалғай ауданнан әзер жеткен жұрттың ызасын туғызды.

  • 14 Наурыз 2015
  • 550
Фото - Caravan.kz

Бұл бітпес дау былтыр басталған. Облысты Қанат Бозымбаев басқарған тұста 116 түлек Алматыдағы медициналық университетке тегін оқуға түсірілген еді. Бірақ ол осы қызметтен кетіп, орнына Кәрім Көкірекбаев келісімен студенттерді қаржыландыру тоқтап қалды. Ал тұрмысы төмен отбасыдан шыққан шәкірттер 1 млн.теңгеге жуық оқу ақысын төлеуге қиналып жүр. Білім ошағының басшысы әзірге олардың жағдайына түсіністікпен қарауда. Бірақ оның қашанға дейін қамқор пейіл танытары беймәлім.

Меруерт Мәткей, студент:

-Нақты біздің шамамыз жетпейді. Әке –шешеміз ана жақта жүгіріп жатыр. Жүйкеміз тозып  ауруға шалдығып жатырмыз. Біз қайда барамыз, 4-ші курс студентін ешқайда алмайды.

Шенеуніктер жағдайы қоңыр төбел отбасынан шыққандарды жарылқап, Жамбыл облысындағы медициналық маман тапшылығын жоюды көздеген еді. Бірақ өздері бастаған істі аяғына жеткізе алмай отыр. Оны бассыздыққа балаған ата-ана атқамінерлерді сотқа берді. Процестің Таразда өтуі алты айлық айқастан кейін әзер дегенде шешілген. Алайда сот отырысы ақжағалылардың кесірінен әлі басталмай жатыр.

Нұрсұлу Сапарова, Талас ауданының тұрғыны:

-Неліктен,облыс әкімдігінен өкіл жоқ, әкімнің өзі келмей-ақ қойсын.  Мен басқа жаққа жұмсайтын едім деп ақшаны қалтасынан беретіндей болып жүрген Манжуов келмей-ақ қойсын, неге заңгерін жібермейді?. Бұл деген ҚР Үкіметінің заңын сыйламайды, сотты сыйламайды деген сөз.

Баланы тегін оқытамыз деген шенеуніктердің басы осылай бәлеге қалды. Бұл бағдарламаны ойлап тапқандарды да түсіну қиын. Себебі облыстық әкімдіктің әмиянынан ақша бөлу кенеттен заңға қайшы бола қалған. Осы жағдайды шешу үшін аудан әкімдеріне демеуші табу тапсырылған. Алайда өңірден қайырымды жандар шыға қоймады.

-Шенеуніктердің кесірінен кейінге шегерілген сот отырысы шу шыққан соң, түс қайта өтеді деп күтілген. Бірақ процесс ақыры басталмады.Ол наурыздың 18-не белгіленді. Атқамінерлер оған қатыспауын соттан шақырту алмағанымен түсіндіреді. Әзер басталғалы жатқан даулы істің немен аяқталары беймәлім. Ал ақжағалылармен айқасып жатқанда студенттер оқудан шығып қалмаса болғаны.