БҚА «ҚазМұнайГаз» Алматыға нақты ақшаға бензинді шектеулі түрде ғана жеткізіп отыр деп күдіктенуде
ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-ны өзінің нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдаланып, Алматыға нақты ақшаға бензин жеткізуде шектеу қойып отыр деп күдіктенеді, делінген монополияға қарсы күрес ведомствосының сайтында. |
Құжатқа сай, қазіргі уақытта агенттік аймақтардағы ЖЖМ нарығындағы жағдайға талдама жасап жатыр. Мысалы, агенттіктің Алматы облысы және Алматы бойынша аймақаралық инспекциясы анықтағандай, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ-ның алматылық филиалының АИ-80 бензинін тек талонмен жіберіп жатқандығын, сондай-ақ нақты ақшаға ЖҚС-терде бензин сату шектеулі екені белгілі болып отыр.
«Қазіргі уақытта агенттік аталған АҚ қалаға бензин жеткізуді және ЖҚС-терде нақты ақшаға бензин сатуды негізсіз шектеп отырғанын тексеріп жатыр», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Одан басқа БҚА-ның аймақтық бөлімшелері нарық субъектілерінің негізсіз ЖЖМ бағасын көтеруін тексеріп жатыр, делінген мәтінде.
Егер монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы анықталса, агенттік айыпты тұлғаларға қатысты тиісті шараларды қолданады.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» 2009-шы жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК-ға тиесілі ЖҚС желілерінің оператор компаниясы ретінде құралған. Қазіргі уақытта ҚМГ-дың бөлшек саудадағы желісі 278 ЖҚС-тан тұрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін