«Облыста үш мектептің құрылысы, 7- ықшам ауданында 280 орынды балабақшасы салынады. Сондай-ақ, екі емхана және төрт аурухана ғимаратын тұрғызу жоспарлануда», — деп хабарлады Б. Ізмұхамбетов.
Оның сөздеріне қарағанда, осы қаржыға облыстың 9 ауданында 11 су құбыры пайдаланылуға беріліп, суды тазалайтын төрт қондырғы орнатылады. «Бұл облыстағы 118 елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етеді», -деп атап өтті облыс басшысы.
Облыс әкімінің айтуынша, Оралдағы элиталық ауданының айналма канализациялық коллекторының құрылысын салу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті