БҚО шенеуніктері халықты тасқыннан қорғауға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО шенеуніктері  халықты  тасқыннан қорғауға уәде берді

БҚО шенеуніктері халықты тасқыннан қорғауға уәде берді

Батыс Қазақстан облысында бірнеше елді мекенді су шайып кету қаупі былтырғыдан жоғары. Сондықтан құтқарушылар дайындықтарын қайта-қайта пысықтап жатыр. Болжам бойынша, биыл көктемгі тасқын әдеттегіден сәл ертерек басталуы мүмкін.

  • 14 Наурыз 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Қазір бұл өңірдегі өзендердің тоңы біртіндеп жіби бастады. Ең өзекті мәселе – мұздың астына түсіп кеткендерді құтқару. Ал ең басты мақсат селге төтеп беру шарасын ұйымдастыру. Шаған, Дерқұл секілді шағын өзендер сәуірдің басында таси бастайды. Бірақ осы жылы көктемнің ерте шығуына байланысты су әдеттегіден бір апта бұрын көтерілуі мүмкін. Мамандар бұл жолғы тасқын күшті болмайды,- деп отыр. Дегенмен 2011 жылы талай жерді жайпап кеткен селді де ешкім болжамаған болатын. Сондықтан осы көктемде де табиғат тосын мінез танытып қалуы әбден мүмкін.