БҚО-да балабақша алдында дәрет сындырған полицей жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да балабақша алдында дәрет сындырған полицей жұмыстан қуылды

БҚО-да балабақша алдында дәрет сындырған полицей жұмыстан қуылды

Спирттік ішімдікке тойып алып, көшенің ортасында дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмысынан қуылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

  • 3 Ақпан 2017
  • 450
Фото - Caravan.kz

Оқиға Ақсай қаласындағы балабақшаның алдында орын алған болатын.

Полицейдің ерсі қылығын куәгерлердің бірі бейнекамераға жазып алып, әлеуметтік желілерде жариялаған еді. Артынша дәл сол тәртіп сақшысының мас күйде жол ортасында ұйықтап жатқан сәті де ақпараттық порталдарда жарық көрді.

"Қызметтік тексеру нәтижесінде Бөрлі аудандық ІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан қуылды. Ол қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін, ішкі істер органдарының атына кір келтіргені үшін және мемлекетік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды", — делінген Ішкі істер департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Бөрлі аудандық ІІБ-нің басшылары мен облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылған.


Соңғы жаңалықтар