Жарияланды: 510

БҚО-да биылғы бірінші жартыжылдықта 748,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 748,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 6,7 пайызға артық. Өңірдегі өнімнің дені кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Әсіресе, табиғи газ өндіру 10,5, газ конденсаты 5,6 пайызға ұлғайып, салада 675,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 4,6 пайызға көп. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 57,8 млрд. теңгені құрап, соның ішінде машина жасау 2,8, мұнай өнімдері 2,1, өзге металл емес минералдық өнімдер 1,5, тоқыма бұйымдары 1,3 есеге артты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін