БҚО-да ер бала туған әкесін көлікпен басып, мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да ер бала туған әкесін көлікпен басып, мерт қылды

БҚО-да ер бала туған әкесін көлікпен басып, мерт қылды

Батыс Қазақстан облысында өз үйінің ауласында жүк көлігін жөндеген жүргізуші қаза тапты. 

  • 6 Сәуiр 2023
  • 33
Фото - Caravan.kz

БҚО Полиция департаментінің өкілі, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 4 сәуір күні шамамен сағат 16.40-та Ақсай қаласы Балдырған көшесінде болды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz  сайтына сілтеме жасап.

1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің «Газ САЗ 35071» (самосвал) көлігін жөндеген. Тежегіштің сұйықтығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тежегішті басып, өзіне көмектесуін өтінген.

Бұл кезде беріліс қорабы қосулы болған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Жарақат алған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.


Соңғы жаңалықтар