БҚО-да тәртіп сақшылары «Танысуға рұқсат етіңіз» іс-шарасын өткізді
Батысқазақстандық тәртіп сақшылары 13-26 маусым аралығында «Танысуға рұқсат етіңіз» іс-шарасын өткізді. |
Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде 270 учаске аумағында 87725 пәтер, 191812 тұрғын үй орналасқан. Учаскелік полиция инспекторлары осының 139511-ін аралап шығып, өздерін таныстырды. Шара барысында жедел ақпарат алып, криминалдық полиция бөліністеріне жолдау, қолайсыз отбасылар, көші-қон заңдылығын бұзушылық, жеке пәтерлерді жалға берушілерді анықта жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, 26 жедел ақпараттың 25-і криминалдық полицияға, біреуі есірткімен күрес бөліміне жолданды. Соның алтауы бойынша қылмыстық іс қозғалса, 19-і жедел есепке алынды. 66 қолайсыз отбасы анықталып, көші-қон саласында 106 заңбұзушылыққа байланысты тиісті шаралар алынды. 88 жалға берілетін пәтер анықталып, мәлімет салық органдарына жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін