Brent мұнайының баррелі 47,82 доллардан сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent мұнайының баррелі 47,82 доллардан сатылып жатыр

Brent мұнайының баррелі 47,82 доллардан сатылып жатыр

 Соңғы аптада едәуір арзандаған мұнай бағасы сол деңгейде сақталып қалды.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz


Бұған Қытай аталған шикізат импортын қысқартты деген хабарламалар түрткі болып отыр, деп жазады Bloomberg агенттігі.
Сейсенбі күні таңертең Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының қазан айына арналған фьючерстерінің құны 0,4% өсіп, баррелі 47,82 долларға сатылды.
Ал, Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қазан фьючерстері 3,7 пайызға арзандап, барреліне 44,32 долларды құрады.
Соңғы үш аптада мұнай нарығы құбылып тұр. Оған Қытайдағы ахуал мен мұнайдың әлемдік рыноктарда шектен тыс көбейіп кетуі түрткі болды. АҚШ-тағы мұнай қоры 100 млн баррельден асып жығылды. ОПЕК елдері де қара алтын өндіру деңгейін қысқартпақ емес.